Index   Диагностика    Миопия   Создатели  

Гипертония ауруы туралы

Саудалық атауы

Орципол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 582 мг ципрофлоксацин  гидрохлориді (ципрофлоксацинге барабар),   500 мг орнидазол;

қосымша заттар: жүгері крахмалы, сусыз  кремнийдің коллоидты қостотығы, повидон (К30), натрий крахмалының гликоляты, магний стеараты,  натрий кроскармелозасы, тазартылған тальк;

«Опадрай» таблеткаларының қабығы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), темірдің (ІІІ) сары тотығы, пропиленгликол.

Сиаттамасы

Бір жағында «ORCР» деген жазу ойылып жазылған, екінші  жағында бөлетін сызығы бар, капсула тәрізді түрдегі,  қабықпен қапталған сұр-сарғыш түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Біріктірілген антибактериалды препараттар

АТЖ коды J01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ципрофлоксацинді ішке қабылдағаннан кейін, асқазан- ішек жолынан тез сіңеді.  Қан плазмасындағы ең жоғарғы қанығу деңгейі  1-2 сағаттан соң пайда болады. Препараттың биотиімділігі 70-80%-ға   жуық. Ципрофлоксациннің қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы  20-40%  жуық. Бауырда өтетін биотрансформацияға  15-20% қатысыды. Таралу көлемі 2-3л/кг құрайды.

Ағзалар мен тіндерге оңай енеді, гематоэнцефалиялық кедергі, плацента арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлініп шығады. Ципрофлоксациннің қақырықтағы, сілекейдегі, сүйектегі, перитониальді сұйықтықтағы, оттегі қанығу деңгейі, қуықасты безінің сөлінісіндегі қанығу деңгейі қан сарысуындағы айтарлықтай жоғары болады. Қабылданған дозаның 50-70%-ы  24 сағат ішінде, негізінен өзгермеген күйде және шамамен 15%-ы метаболит түрінде  бүйрек арқылы бөлінеді де, қалған бөлігі  асқазан ішек жолы арқылы шығарылады. Бүйректік клиренсі-3-5мл/мин/кг; жалпы клиренсі 8-10 мл/мин/кг құрайды; Жартылай бөліну кезеңі Т1/2 3-5 сағатты құрайды, бүйрек қызметі бұзылғанда  12 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін.

Орнидазолды ішке қабылдағаннан кейін, асқазан- ішек жолынан тез сіңеді. Орташа алғанда сіңуі 95%  құрайды, Қан сарысуындағы  ең жоғарғы қанығу деңгейіне 3 сағат шамасында жетеді.  Қан ақуыздарымен  байланысуы  шамамен 13%. Белсенді зат  жұлын сұйығына, емшек сүтіне, гематоэнцефалиялық кедергіден және плацентадан өтеді. Қан сарысуындағы қанығу деңгейі  6-36мг/л  деңгейінде  ауытқып отырады. Орнидазол гидрооксильдену, тотығу және глюкурондалу арқылы метаболизденіп, 2-гидрооксил және альфа-гидрооксил метаболитін түзеді. Екі метаболиттің екеуінің де  Trichomonas vaginalis  және анаэробты бактериялар үшін, өзгермеген орнидазолға қарағанда белсенділігі төмен.

Жартылай бөліну кезеңі  шамамен 13 сағат. Бір рет қабылдағаннан кейін алынған дозаның 85 %, алғашқы 5 күннің ішінде бүйрек арқылы, негізінен метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Орципол біріктірілген микробтарға қарсы және протозойларға қарсы препарат, оның фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін ципрофлоксацинге (фтор-хинолонның екінші буындағы туындысы) және орнидазолға ( 5-нитроимидазол туындысы)  байланысты.

Ципрофлоксацин  бактериялардың ДНҚ-гиразасын тежеп, бактериалардың ДНҚ-ның синтезделуін болдырмайды. Жарғақшаларда  және бактериялардың жасушалы қабырғаларында морфологиялық өзгерістер тудырып, олардың жылдам өлуіне жағдай тудырады. Микроорганизмдердің өсу кезінде де  және олар өсіп-өнбеген кезінде де оларға  әсер етеді. Микробтарға кең ауқымда қарсы әсер етеді, көптеген  гнрамоң аэробты микроорганизмдерге де белсенді:

Орнидазолдың әсер ету механизмі сезімтал микроорганизмдердің ДНҚ құрылымын  бұзуға байланысты. Trichomonas vaginalis   белсенділік танытады, сондай-ақ аэробты бактерияларға да (оның ішінде Bacteroides spp., Clostridium spp., Fusobacterium  spp және анаэробты кокктерге де).

Қолданылуы

- тыныс алу жолдарының жұқпаларында, әсіресе,    Klebsiella, Enterobacter, Proteus, Pseudomonas, Legionella, Staphylococcus, E.coli   туғызған (жедел бронхит және созылмалы бронхит өршігенде, пневмонияда, оған ауруханаішілікте кіреді (пневмококктіктен басқасы), бронхопневмония, бронхоэктаз ауруында, жұқпа жұқтырған бронхоктазда, жұқпалы плевритте, эмпиемада, өкпе абсцессінде және муковисцидозбен ауыратын науқастардағы өкпенің жұқпалы ауруларында)

- кіші жамбас ағзаларының, несеп-жыныс ағзаларының, бүйректің,  несеп шығару жолдарының  жұқпалы ауруларында (цистит, пиелонефрит, простатит,  аднексит, сальпингит, оофрит, эндометрит, тубулярлық абсцессте, эпидимитте, жамбас перитонитінде, созылмалы,  несеп шығару жолдарының асқынған, қайталанған, үздіксіз  өршитін жұқпаларында), Bacteroides тобын қосқанда, В. Fragilis түрлері тудыратын Clostridium, Peptococcus және  Реptostreptococcus іш қуысының жұқпаларында  (перитонит, бауыр абсцессінде).

- венерологиялық аурулар  (соз, оған несепағардағы соз да жатады, ректальді және  тамақтың гонококктық  жұқпалары, сондай-ақ төзімді гонококктар туғызған жұқпалар) жұмсақ мерез, хламидиоз, трихомониазбен астасқан созда.

-құрсақ қуысының және асқазан-ішек жолының жұқпаларында (өт қабының, өт шығару жолдарының, ішперде аралық абсцессте, перитонитте, салмонелл, оның ішінде  ішек  сүзегі, кампилобактериозда, иерсиниозда, шигеллезде, тырысқақта, бактериальді диареяда, жалған антибиотиктерді қолдануға байланысты пайда болңвн жарғақшалы колитте.

- сүйек пен буындардың жұқпаларында ( остеомиелит,  сепсисті артритте).

- ЛОР органдардың жұқпалы қабынбалы ауруларында

- операциядан кейінгі асқынуларда (әсіресе, мықын ішекке, тік ішек маңына араласу орын алғанда, апендоэктомиядан кейін, гинекологиялық операциядан соң)

- сепсисте, септицемияда, бактериемияда

-иммунитеті төмендеген науқастардағы жұқпалы аурудың алдын алу және емдеу үшін, оған иммунодепрессанттармен емдеу кезінде, нейтропенияда

- хирургиялық араласулардан  кейінгі жұқпалардың алдын алу үшін

- ішекте таңдап  контаминация жүргізу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Орциполды тамақ қабылдардан бұрын немесе ас қабылдаудан кейін 2 сағат өткен соң   шайнамай қабылдау керек.

Жедел жұқпаларда емдеу курсы 5-7 күн, ал созылмалы және қайталантын жұқпалар кезінде 10 күн бойы тәулігіне 1таблеткадан 2 рет.

Аурудың белгілері кеткен күннің өзінде, әлі де 2 күн бойы препаратты қабылдауды жалғастыру керек.

Креатинин клиренсі 20мл/мин  болса және одан кем науқастарға, егде жастағыларға  және дене салмағы аз науқастарға  қажетті дозаның жартысын тағайындау керек.

Жағымсыз әсерлері

- анемия,тормбоцитопения, эозинофилия, лейкопения

- ауызда дәмнің темір татуы, жүрек айнуы, құсу, анорекси, диарея

- бас ауыруы, бас айналуы

- іштің ауыруы

- терінің қышуы, тері  бөртпесі, васкулит

- ұйқысыздық, алаңдаушылық, көңіл күйдің өзгеруі, әлсіздік

-  бағдардан жаңылысу, галлюцинация,   құрысу

- өтпелі артралгия, буындардың ісінуі

- сіңірдің үзілуіне  әкелетін тендовагинит, миалгия

- дисбактериоз, жалғанмембранозды колит

- көрудің бұзылуы

- гинекомастия

- өтпелі криссталлурия, несеп түсінің өзгеруі ( қараюы)

- сілтілік фосфатаза, лактатлегидрогеназа, бауыр трансаминазалары деңгейінің өзгеруі, креатин, билирубин, қан плазмасындағы мочевина деңгейінің өтпелі өзгеруі.

- жүрек ырғағының бұзылуы, тахикардия

-  артериалық гипотония

- фотодерматоз

Сирек

- гемолитикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз

- Лайел синдромы, интерстициальді нефрит, Квинке ісінуі, анафилактоидтық реакция, анафилактикалық шок, Стивенс-Джонсон синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ципрофлоксацинге немесе  орнидазолға жоғарғы сезімталдықта

- балаларға және  жасы 18-ге дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілікте және лактация кезеңінде

- қояншықта, ОЖЖ органикалық  тұрғыдан зақымданғанда

- қан ауруында, лейкопеияда (сыртартқысында болғанды қоса алғанда)

-лактозо -6-фосфатдегидрогеназа тапшылығында

Дәрілермен өзара  әректтесуі

Ципрофлоксацинді және теофилинді бір мезгіде қолданғанда, тицитохром Р450  байланыстыратын  телімді бәсекелес тежеудің салдарынан теофилиннің жартылай шығу кезеңі ұзарып, теофилин тудыратын жағымсыз әсерлердің пайда болуына әкелетін қан сарысуындағы теофилиннің қанығу деңгейін жоғарлатуы мүмкін. Орнидазол кумариндік қатардағы  ішілетін антикоагулянттардың әсерін жоғарлатады, бұл оның дозасына керекті  өзгертуді талап етеді. Орнидазол векуроний бромидінің миреклаксация жасайтын әсерін ұзартады.

Ципрофлоксацинді және варфаринді бір мезгілде қолдану  соңғысының әсерін күшейтеді. Микросомальді ферменттерді олардың индукторларымен  (фенобарбитал, рифамицин) орнидазолды бірге қолданғанда  орнитазолдың қанығу деңгейі төмендейді, ал микросомальді ферменттерді олардың тежегіштерімен, атап айтқанда,  Н2-рецепторларымен (циметидин) орнидазолды бірге қолданғанда орнитазолдың қанығу деңгейі  жоғарылайды. Бір мезгілде антацидтерді, сондай-ақ алюминий, мырыш, темір, магний иондарын қабылдау  ципрофлоксациннің сіңуін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметі бұзылған науқастарға дозалау режимін түзету қажет. Егде жастағы науқастар, ми тамырларының атеросклерозында,  ми, қан айналымы бұзылғанда, қояншықта, этиологиясы белгісіз құрысу синдромында. Емдеу кезеңінде алкагольді қабылдаудан бас тарту керек.

Лактация

Лактация кезінде препаратты қолдану керек болғанда емшек емізуді тоқтата тұру керек.

Дәрілік заттың транспорттық құрал-жабдықтарды, қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару кезіндегі ерекшеліктері

Орциполды қабылдау кезінде назар шоғылдандыру мүмкіндігі азайып, психомотрлы реакциялардың жылдамдығы төмендейді, сондықтан, автокөлікті басқаратын, машиналар мен механизимдерді жөндейтін адамдарға бұл препаратты тағайындағанда бұл есте болуы керек.

Артық дозаланғанда

Белгілері: бас айналуы, естен тану және құрысу ұстамалары, жүрек айнуы, шырышты қабықтың зақымдануы.

Емі: белгілеріне қарай ем жүргізеді. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі  және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминийлік фольгадан  жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

1 пішінді ұяшықты қаптама  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде,  250С–ден аспайтын температурада  cақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Источник: http://kz.worldmedicine.kz/?page_id=30&paged=2


Мнение
Psha 16.01.2015
Саудалық атауы Орципол Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ Дәрілік түрі