Index   Простатит    Флеболог   Создатели  

Я пауэрлифтинг VK

Айбек ТАСҚАЛИЕВ  Жасы жиырмадан енді асқан Оның басты арманы — қаладан жұмыс тауып, мына өмірде, Абай айтпақшы, «бір кірпіш болып қалану». Жазда ағаш аралап, жер түптеген, қыста отын жарып, үйдің бітпейтін шаруасын реттестірген ауыл баласы үшін қаладағы жұмысты атқару қиын болып па?! Бірақ... орталықтағы жұмыс берушілердің оны қызметке қабылдарда үрке қарайтынын қайтерсің. Себеп — біреу: «ол ауылдан келген». Көбіне-көп қызметтің биік шыңына жетуде былай тұрсын, жұмысқа тұрарда бұның өзіндік әсері болып жататыны ащы да болса шындық. Содан аталғандардың денінің «қара жұмысты» қанағат етіп, шүкіршілік етумен бір орында тұрақтап қалатыны бар. Оған бола өміріне өкпелеп, базына білдірушілер сирек. Бұл жолы ендігі әлгі қарадомалақтардың өздері қазаққа ғана тән тәубешілік етуді кұп көреді. Сондағысы — «бізден де жаман күй кешіп жатқандар кездеседі». Жасыратыны жоқ, солай болған, болып та жатыр... Ауылда орта білім беретін оқу ошағын озат бітіріп, сол кездің өзінде білім-ғылымнан хабары озық екенін білдіргендерден қызметте биік мансапқа жеткендер ілуде біреу. Неліктен?!Расында, дала мен қаланың арасы һәм айырмашылығы — талай талқылаулардың арқауына айналғандай. Бір белгілісі, оның түйіні әлі тарқатылмады. Және бұлай болуы заңды да. Өйткені, ел халқының 45 пайыздан астамын ауылдықтар құрайды. Осы ретте, ауыл дегенде бәрінің де жүрегі елжіреп, сол жаққа қарай елеңдеп тұратыны. Тіпті, әңгімесінде ауылды атамаған депутат — депутат еместей көрінеді. Әсіресе, сайлауалды бағдарламасында болашақ халық қалаулыларының бір-бірімен өзара келісіп алғандай елдімекендерді ертегідей қыламыз деп елдегілерді бір марқайтып тастайтыны бар. Себебі, олар ауылдан Алаш баласын ажырату мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Бұның барлығының сөз жүзінде қалатыны қынжылтады, әрине. Деректер топтастырылады, даладағылдар бәз-баяғы тірлігін жалғастырады. Ал депутат... сайланады! Бұны бірінші болып ауыл баласы білетініне бәс тігуге болатындай. Олар газет-журналдарды жарыса оқиды, радиодан берілетін жаңалықтарды тыңдайды, бір сөзбен айтқанда, жандары жаңалыққа құмар. Одан басқа ауылда ермек те таппайсыз. Қала баласындай күн ұзағына компьютерлік ойындарға есі кетіп, одан қалса букмекерлік кеңселерді торуылдаған ауыл жасын көріп пе едіңіз? Ауыл балалары таңғы сағат 6-да ояна сала, өріске малды айдап, содан кейін ғана мектепке қарай алып-ұшады. Өйтпеске амалы да жоқ, білім ошағы ауылдың бір шетінде орналасқан. Сабақтан кешіксе, орыстан «пунктуальный» болуды үйренген қазақ мұғалімдері сөзбен сыбап-сыбап алады. Ол аздай, ата-анасына ауылдастарының біреуінен «сәлем айтып» та жібереді. Бұдан соң кешігіп көр... Ұстаздар үй тапсырмасына келгенде де «сараңдық» танытпайды: ондағысы қазақы бауырмалдықпен олардың білімді болып өскенін қалайды. Әйткенмен, оның толыққанды орындалмайтыны айдан анық. Оның неліктен екенін айтуд

Источник: http://www.baq.kz/kk


Мнение
IcevorD 08.01.2015
Айбек ТАСҚАЛИЕВ Жасы жиырмадан енді асқан Оның басты арманы — қаладан.